Қалада 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана мен жеке инвесторлар есебінен 800 орындық клиника салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұдан бөлек 6 медициналық орталық ашу жоспарда бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.