Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. 3 шілде күні жедел басқару орталығының «102» арнасына қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз электр тоғына түсіп, жан тапсырғаны туралы хабарлама түскен. Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні анықталды. Оқиға Қаратау ауданы Полиция басқармасы …