ҚХР көшбасшысы жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға төртінші рет келеді. Биыл Қытай мен Қазақстанның арасындағы дипоматиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл. Си Цзиньпин Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасындағы жаңа мүмкіндіктер туралы «Казахстанская правда» газетіне сұқбат берді. Осы уақыт аралығында екі ел өзара қолдау мен көмек көрсету қағидасынан тайған емес. 30 жыл – Қытай-Қазақстан қатынастарының серпінді даму кезеңі.