Signal құпия мессенджері 1 900 қолданушысы телефон нөмірі мен растау коды тарап кеткені туралы мәлімдеді. Бұл туралы Tech Crunch сайты жазды. Бұл мессенджер қолданушылардың хат-хабарын қорғау үшін өтпелі шифрлеуді пайдаланады. Өткен аптада Twilio коммуникациялық гигантына фишингтік шабуыл жасалып, шабуылдаушы 2000-ға жуық қолданушының телефон нөмірі мен Signal-ға тіркелу үшін пайдаланылатын SMS растау кодына қол жеткізген. Шабуылдаушы