Соңғы уақытта Telegram арналарда қазақстандықтардың жеке деректері жаппай таралып кетті. Тіпті кейбір боттарға ұялы нөміріңізді жазсаңыз, сіздің қайда тұратыныңыз, соңғы уақытта қандай сауда жасағаныңыз және отбасыңыз жайлы барлық деректі шығарып береді. IT сарапшы Ерлан Оспаннан Ulysmedia.kz сұхбат алды. Ол бұл жағдайды «Сиқырлы Қазақстан» деп атап, мемлекет азаматтардың дерегін қорғай алмай отырғанын айтты.