Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Премьер-министрі кеңсесінің министрі Мұхамед Малики бин Османмен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президент Сингапурдың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысатыны АӨСШК процесі дамуына елеулі үлес қосатынын айтып өтті. АСЕАН-дағы маңызды серіктесі – достас Сингапурмен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың артқаны айтылды.