Солтүстік-батыс циклонымен еліміздің көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады және бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. 11 маусымға жақын елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Солтүстік өңірлердегі күндізгі ауа температурасының 20-28 жылуға дейін біртіндеп төмендеуін қоспағанда, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Осы категория бойынша: …