Зымыран мектеп пен бірнеше үйге құлады. Түркияның Haberturk телеарнасының хабарлауынша, «Халықтық өзін-өзі қорғау жасағы» лаңкестік ұйымының мүшелері Сирияның солтүстігінен Қарқамыш қаласына 4 зымыран атты. Аудан орталығындағы бір мектеп пен екі үйге, жүк көлігіне зымыран түскені хабарланды. Атыс салдарынан зардап шеккендер бар, олардың нақты саны белгісіз. Оқиға орнында дәрігерлер болды.
Жаңалықтар





































