Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Ансар Қажымұқанұлы алаяқтық жасағанын мойындады. Ансар Қажымұқанұлына ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін айып тағылды. Nege.aqsha мәліметінше, Ұлытау облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының бас есепшісі қызына тағылған «есірткі сатуға сақтау» айыбын жеңілдету үшін Қажымұқанұлына 50 мың доллар берген. Алайда ақша берілгенімен, мәселе шешілмеді. Бас есепші ақшаны қайтаруды талап етті, бірақ 50 мың доллардың тек 28 мыңы ғана қайтарылған. Астана соты Қажымұқанұлының өтінішін қанағаттандырды. Бұл оның жазасының жеңілдеуіне әсер етуі мүмкін.The post Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі сотта кінәсін мойындады appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.
Жаңалықтар

































