Петропавлда қанттың келісі 750 теңгеге бір-ақ шықты деп хабарлады turkystan.kz. Өткен аптада еркін сатылымда келісі 540-580 теңгеден саудаланған. Сатушылардың айтуынша, өткен аптада қант базар сөрелерінен 3-4 күнге жоғалып кеткен. «Бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда орындарына, базарларға қанттың тәуліктік нормасы жеткізілуде. Бұдан бөлек, коммерциялық қант басқа сауда орындарында да жеткілікті. Ал кондитерлік кәсіпорындарға үш фирма қанттың келісін 485 …