Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің департаменті «HERMES LTD» қаржы пирамидасын ұйымдастырудың кезекті фактісін анықтады деп хабарлады turkystan.kz. Агенттіктің деректеріне сәйкес, 2019 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде «HERMES LTD» жобалары бойынша халықтың ақшалай қаражатын тарта отырып, инвестициялық салымдар бойынша, кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы қаржылық пирамида ұйымдастырылған. «Қылмыстық іс бойынша үш …