Солтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасы жабылды.Бұл туралы Orda.kz ақпарат агенттігі хабарлады. Такси жүргізушілері мен дереккөздердің айтуынша, Ресей тарапы шекарадан әскер жасындағы ер адамдарды өткізуді тоқтатқан. Расталмаған ақпарат бойынша, шекарада Ресей жағынан өте алмағандардың барлығын күтіп отыр. Олар дереу автобуспен әскери комиссариаттарға жеткізіледі. Еске салайық, бұған дейін ФСБ шекарашылары әскери комиссариаттардың талабы бойынша ресейліктердің елден шығуына