Қорғаныс министрлігі сарбаздар арасында суицидтің пайда болу себептерін зерттейтін және осындай жағдайларды азайту бойынша жұмыс жүргізетін арнайы жұмыс тобын құрмақ. Министрліктің мәлімдеуінше, жұмысқа еліміздегі IT компаниялары тартылады. Олар әскери бөлімдерді бейнекамералармен жабдықтау арқылы бұл жоспарды жүзеге асыруға көмектеседі. Осылайша сарбаздардың қозғалысын біліп отыру мүмкіндігі пайда болады. Сарбаздың орналасқан жері мен импульсін бақылайтын білезіктерді пайдалануды ұсынып