Екі күннен бері Ақтаудың бірнеше шағынауданында ыстық су жоқ. Балабақшадағы жылу батареялары істемейді. Мектеп оқушылары сабақ кезінде сырт киіммен отыруға мәжбүр. Ақтауды жылумен қамтуға жауапты «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бұл мәселені жуырда жөнделген нысанның қайта бұзылуы деп түсіндірді. Маңғыстау облысының әкімі ақауларды тез арада түзетуді тапсырып, кәсіпорын басшылығына сөгіс жариялады. Ал жауаптылардың қатарында облыс әкімінің орынбасары, қала