Ауызсумен қамтылмаған елді мекендерде өңір халқының 26 пайызы тұрады. Солтүстік Қазақстан облысындағы 226 ауыл тіршілік көзінен таршылық көріп отыр. Тұрғындардың басым көпшілігі өз күштерімен құдық қазып алған, деп хабарлайды Qazaqstan.tv. Солтүстіктегі тұрғындардың басым көпшілігі өз күштерімен құдық қазып алған. Алайда құдықтағы судың сапасы талапқа сай келмейді. Таза суды көршілес елді-мекендерден тасып, жеткізетін тұрғындар да бар.