Солтүстік Қазақстан облысына Мұхаммед Пайғамбардың мүбәрак шашы әкелінді, - деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Телеарна мәліметінше, арнайы құтыға салынған асыл жәдігер уақытша ислам мәдениеті музейіне қойылған. Пайғамбардың шашы қазір Шымкент тұрғынының қолында екен. Ерте кездері оны өзбекстандық ғалымдар сыйлаған. Арнайы құжаты да бар. Ал ол «Тасаттық» намазы оқылған кезде өңірге береке әкелсін деген ниетпен жеткізілген.