"ТұранӘлем банкінің" негізін қалаушы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған Мұратхан Тоқмадиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағым бойынша кезекті отырыс өтті. Алматы қалалық сотының судьясы Әбу Айбек шешімді 12 қыркүйекке қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.