Стамбұлда жарылғыш заты бар пакетті қаланың туристік орталығында, Истикляль көшесінде қалдырған әйелді полиция ұстады. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрлігінің басшысы мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, ұсталған әйелдің күрд террористік ұйымдарына қатысы бары анықталған. Еске салайық, 13 қарашада Стамбұлдағы адам көп жүретін Истикляль көшесінде жарылыс болып, салдарынан алты адам қаза тапты. 53 адам жарақат алды.