Екібастұз тұрғындарының жылусыз отырғанына бірнеше күн болды. Мемлекеттік энергия қадағалау комитеті зерттеуінің алдын ала қорытындысы бойынша жылу желілері бұзылған. Ал оған станция қызметкерлерінің қатесі себеп болған. Тексерулердің нәтижесі бойынша құбырлардағы ақаулар станциядағы қызметкердің қате әрекет жасауынан болған. Салдарынан желідегі қысым артқан. Қысым жоғарылап кеткендіктен құбырлар көп жерден жарылған, — деді Роман Скляр баспасөз жиынында., деді