Степногорск қалалық сотында жергілікті полиция басқармасының 34 жастағы қызметкері Ермек Рамазановтың үстінен қылмыстық іс қаралып жатыр. Полицейге 38 606 теңге ұрлады деген айып тағылып отыр. Бұл ақша жұмыс орнында кенеттен көз жұмған 65 жастағы автомобиль шеберханасының қызметкерінен жоғалып кетті, деп хабарлайды Время басылымы. 2021 жылдың 8 қарашасында «Қамқор» СТО қызметкері Борис Астафьевтің жүрегі соқпай қалды. […]