Қазақстанда студенттерге ата-анасының рұқсатынсыз несие бермеу ұсынылды деп хабарлады turkystan.kz. «Біз қазір студенттермен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Бұрын жастар ішпесе, шекпесе деп қорқатын едік. Қазір басқа проблема. Бүгінде барлық студентте дерлік несие бар. Ол туралы ата-аналары білмейді. Ата-анасы біліп қойғаннан кейін екіжақты проблема басталады. Сосын ол студент несиемді жабамын деп, тағы несие алып немесе қарыз …