Қазақстанда әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге тегін тамақ пен киім алуға арналған ваучер беру ұсынылды. Сонымен қатар оларға коммуналдық кәсіпорындардан қысқа мерзімді жұмыс орындарын ұйымдастыру ұсынылды. Бұл туралы Newsroom.kz депутат Дидарбек Дилдабектің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.