Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында жер асты сулары көтеріліп жатыр. Тұрғындар биліктен өздеріне баспана тауып беріп, басқа жерге көшіруді сұрауда. Алайда аудандық әкімдікте бұл үшін үйлер алдымен апатты деп танылуы керек екенін айтады. Қазір 43 мың халқы бар ауылда тек үш үй ғана апатты деп танылған. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеді деп хабарлайды newsroom.kz
Жаңалықтар