2024 жылдың көктемінде Атырау облысында табиғи апат - су тасқыны болып, уақыт сағатпен емес, минутпен есептелді. Қауіп астында елді мекендер, кәсіпорындар мен стратегиялық инфрақұрылым нысандары қалды. Жер бөгеттері тендерсіз, бюрократиясыз, «үлгерсек болды» деген қағидамен салынды. Алайда дәл осы асығыстық ұрлық схемасына қолайлы жағдай жасап, соның салдарынан бірден төрт адам темір торға тоғытылды. Ulysmedia.kz бұл іске «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниясы Karabatan Utility Solutions қатысы бар болып шыққанын анықтады.
Су тасқыны кезіндегі ақша жымқыру: "Самұрық" пен экс-министрдің ұлының қандай қатысы бар?
Жаңалықтар