Белсенді Абзал Достияр Facebook парақшасында қазіргі қазақ қаламгерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігіне қатысты өткір пікір жариялады. Ол журналист Мирболат Мырзатайұлының қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткені үшін төрт жылға сотталуы зиялы қауымның үнсіз қалуын әшкерелейтін жағдай екенін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.