Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі Бауыржан Бозтаев жұмыста ішімдік ішкені үшін қызметінен босатылуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов мәлім етті. Оның сөзінше, Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас халде болғаны туралы мәліметті ауыл тұрғыны қалалық әкімдік төрағасының сенім телефоны арқылы жеткізген. Әкім ішімдік ішкенін