Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында америкалық Джессика Пегуламен ойнады. Бірінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түскен болатын. Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасты. Екінші сетте Д.Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты. Есеп – 5:4. Ақыры