«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов және С.Сейфуллин ауылдарын газ желісіне қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Шараға қатысқан аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.