Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай автомектептердегі көлеңкелі қаржы айналымы мәселесін көтерді. Ол жүргізуші куәлігін алу барысында азаматтардан ресми оқу ақысынан бөлек, QR-код арқылы 8,5 мың теңге көлемінде қосымша төлем талап етілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.