Адам табиғатынан экстраверт, интроверт немесе амбиверт болады. Экстраверттер кез келген ортада адамдармен тез тіл табысып, байланыс орнатуға бейім боп тұрады. Сол себепті олар көпшілікпен сөйлесу арқылы күш, қосымша энергия алады. Негізі экстраверт болсаңыз, өмір сүру жеңілірек. Себебі мұндай адамдар эмоциясын сыртқа шығара алады. Мәселен, ашу-ыза, реніш сынды жағымсыз дүниелер орын алған сәтте, бірден шешуге тырысады.