«Эмоциялар басылды. Неше күннен бері сайлау турасында біраз азаматтармен пікір алмастым. Үлкендердің ойын тыңдадым. Ел ішіндегі жағдайды тағы бір сүзгіден өткіздім. Президент сайлауына қатысты пайымым мынау», деп жазады Азамат Битан. Президент – ол жалғыз адам емес. Ол тұтас жүйе. Сондықтан қандай ұсыныс, ел тағдырына қатысты мәселеде бір адам шешім шығармайды. Көп жағдайда жақын адамдармен кеңеседі.