Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтар үшін тұрғын үйлерді қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. Осы тапсырма шеңберінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде жедел штаб құрылып, жаңа тұрғын үй салуды көздейтін кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді.