Ақмола облысының білім беру бухгалтерлері аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бас прокуратура мәліметінше, Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шоттарына ақша аударған.