Таиландтың солтүстік-шығысындағы Нонгбуа Лампху провинциясындағы балалар орталығында болған атыстан қаза тапқандардың саны 36-ға жетті. Оның ішінде 24-і бала. Таиландта бұрынғы полиция қызметкері балабақшаға тал түсте кіріп, оқ жаудырған. Ең алдымен қаскөй орталықтың төрт қызметкерін өлтіріп, артынша балалар ұйықтап жатқан бөлмеге бет алған. Қаскүнемнің қолынан қаза тапқандардың ішінде балалар мен тәрбиешілер бар. Бұл туралы жергілікті БАҚ