Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info. Ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады. Айта кетейік, бұл қызметке Әсет Масабаев 2022 жылдың 4 наурызында тағайындалған болатын. 38 жастағы әкім денсаулығына байланысты қызметтен кетуі мүмкін. Өйткені ол мамыр айында денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөліміне түскен еді.