Талдықорғанда 18 жастағы жігіт әкесін ұрып өлтірген. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 6 ақпан күні Көктал шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған. Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы оны ас үй табасымен ұрған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп,