Талдықорған қаласында Q-net қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті бастады. Агенттік ақпаратынша, 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 адам тартылып, 220 млн теңгеден астам ақша салған. Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Сотқа