Ауғанстандағы билеуші «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда экстремистік деп танылған және тыйым салынған) ауған әйелдеріне бұдан былай университеттерде оқуға тыйым салынғанын жариялады, деп хабарлайды BBC агенттігі. Білім министрлігі әйелдердің университеттерге кіруін шектеу дереу және белгісіз мерзімге енгізілгенін мәлімдеді. Ауған университеттеріне қабылдау емтихандары үш ай бұрын өткен. Оқуға түскендердің арасында мыңдаған жас әйел бар. Өткен жылы Талибан қыздарға