Талдықорған полицейлері қызға кеңсе пышағымен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 35 жастағы ер адам жәбірленушінің бұрынғы жігіті болып шықты. Пышақпен шабуылдаған жігіт бойжеткеннің тамағын тіліп жіберген. Зардап шеккен қызға медициналық көмек көрсетілді.