Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздадыру министрі Тамара Дүйсенова ОКҚ брифингісінде, пәтерді жалға беру нарығын реттеу керек екенін айтты. Тамара Дүйсенова Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үй нарығының көлеңкелі бөлігі көп екенін және пәтер иелері мен жалға алушылардың мүддесі ешбір жағдайда қорғалмайтынын жеткізді. Нарық реттелуі керек. Пәтерді жалға берушілердің де, жалға алушылардың да мүддесі қорғалатындай реттелуі керек.