Лауазымынан босатылған Көлгіновтің орнына Тамара Дүйсенова келді. Президенттің жарлығымен Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Еске салайық, бұған дейін Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылған болатын.