Бүгінде хитке айналған «Қызыл раушан» әнінің орындаушысы Ұланғасырдың танымал айтыскер Дидар Қамиевтің інісі екенін бірі білсе, бірі білмейді. «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат берген жас әнші өнер жолының ағасы секілді айтыстан басталғанын сөз етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бағдарлама жүргізушісі «Сіздің де өнердегі алғашқы жолыңыз айтыстан басталған екен. Сахнаға айтыспен шыққан сәттерді еске алайық», - деп сұрайды.