«Enigma» атымен танымал франциялық Реми Лучиди Гонконгта 68-ші қабаттан құлап қаза тапты. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлайды. Француздық азамат бейсенбі күні кешке зәулім ғимаратқа кіріп, күзетшіге досына қонаққа келгенін айтқан. Күзетші оны тоқтатпақ болғанда ол тыңдамай жоғарыға көтеріліп кеткен. Видеобақылау камерасындағыкадрдан Лучидидің лифтпен 49-қабатқа, кейін баспалдақпен жоғарыға көтеріліп бара жатқаны жазылып қалған. Соңғы рет оның ғимараттың