Астаналық бикеш жаңа ғана танысқан жігіттің қомақты қаражатын қолды қылды. Әмиянындағы 240 мың теңгесінен айырылып қалған жігіт полицияға жүгініпті. Оқиға орнына келген тәртіп бейнекамераға қарап, М. есімді бикешті күдікті деп тапты. Тергеу барысында белгілі болғандай, жәбірленуші кафеде тамақтанып отырғанда қасына екі бойжеткен келіп, танысып, отырысты бірге жалғастырған. Сосын қыздың біреуі жігітті биге шақырғанда оның құрбысы