Бүгінде махаббатты өмірден емес, смартфоннан іздейтіндер көбейді. Tinder, Badoo, Bumble, Mamba секілді танысу қосымшалары миллиондаған адамды табыстырып жатыр. Дегенмен «өмірлік жарымды онлайнда кездестіремін» деп алаяққа алданып, опық жегендер де аз емес, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.