Тараз қаласында еріген қар суы мен жиналған ағын су салдарынан бірнеше көше көлге айналып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындаған. Қала халқының айтуынша, арықтар мүлде тазаланбайды, соның кесірінен су арнасына сыймай, жол бойына жайылып жатыр. Әсіресе кешкі уақытта көше шамдарының жарығымен шағылысқан қалың су жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруде. Тұрғындар бірнеше күннен бері жағдай өзгермегенін, көліктер үйлердің...