Тараз қаласындағы шеткі тұрғын алаптардың ахуалы тұрғындардың наразылығын тудыруда. Қаланың Дальняя Қарасу массивіндегі Әбдиев, Высоцкий көшелері мен оған іргелес аумақтарда, сондай-ақ Киров көшесінің соңы, Родничок массиві, Мейірім, Рыночная, Клубничная көшелерінде жол мәселесі ушығып тұр. Тұрғындардың айтуынша, бұл аумақтарда асфальт түгілі, қара жолдың өзі жоқ, жауын-шашында көше батпаққа айналады. Соның салдарынан балалардың мектеп пен балабақшаға жетуі...