Жамбыл облысында екі адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын ол сотталмаған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.