Таразда 46 жастағы әйелдің туыстары оның өліміне жедел жәрдем қызметін айыптайды. Олардың айтуынша, медицина мамандары хәлі нашарлап көмекке шақырған адамға «ішімдік ішкенсің» деп күдіктеніп, уақтылы келмей қойыпты. Людмила Остапенко үйінде жалғыз тұрған. Екі жыл бұрын оның жүрегіне ота жасалыпты. Ота сәтті аяқталып, әйел бүгінге дейін дәрі-дәрмек ішіп жүрген. Марқұмның жақындары ол өзін жақсы сезінетін дейді.