Жамбыл облысы Тараз қаласындағы Құмшағал мен Чолдала тұрғындары жол мәселесіне байланысты тағы да дабыл қақты. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда көшелердің әбден тозғаны, асфальттың ойылып, үлкен шұңқырларға айналғаны анық көрінеді. Кей жерлерде көлік жүргізу түгілі, жаяу жүрудің өзі қауіпті. Тұрғындардың айтуынша, бұл жолдарға жыл сайын жөндеу жасалады, бірақ сапасы бір қысқа да жетпейді. Қар еріген сайын...